Олий Мажлис делегациясы ЕҚЫҰ Парламентті Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысты

    Үстіміздегі жылдың 22-23 февраль күндері Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері комитетінің төрағасы Р.Алимов басшылығындағы Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі делегациясы Вена қаласында (Австрия) өткен ЕҚЫҰ Парламенті Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысты.

    Шараға ЕҚЫҰ-ға мүше 52 мемлекеттен 330-дан астам парламент мүшелері мен ынтымақтастық бойынша серіктестер қатысты. Сессияда Ассамблеялардың үш Тұрақты комитетінің мәжілісі және «Еуропа қауіпсіздігі бүгін мен ертеңі: ЕҚЫҰ болашағына парламенттік көзқарастары» тақырыбындағы жалпы сессиясы болып өтті.

    Қысқы сессияда Өзбекстан делегациясы мүшелерінің баяндамалары тыңдалды, олар шетелдік парламентарийлерді және ЕҚЫҰ құрылымдары өкілдеріне ЕҚЫҰ сайлау стандарттарын Өзбекстанның заң шығару тәжірибесіне енгізу, сондай-ақ еліміздегі экономикалық өсудің жасыл факторы туралы ақпарат берді.

    Сонымен қатар, Олий Мажлис өкілдері ЕҚЫҰ ПА терроризмге қарсы күрес жөніндегі арнайы комитетінің кезектегі мәжілісіне қатысты. Онда терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы күресу, сондай-ақ осы шақыру мен қауіп-қатерлерден зардап шеккендерді оңалту мәселелері бойынша жан-жақты пікірлер мен тәжірибе алмасылды.

    Өзбекстан делегациясының сапары барысында ЕҚЫҰ ПА арнайы өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өтті. Олар еліміздің ЕҚЫҰ аясындағы өзара ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

    Институт өкілдері Өзбекстандағы реформаларды жоғары бағалап, оларды табысты жүзеге асуы үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates