Олий Мажлис делегациясы Түркі тілдес елдер парламенттері халықаралық істер комитеттері бойынша төрағаларының бірінші кездесуіне қатысты

    Үстіміздегі жылдың 25 апрельде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлистің делегациясы Баку қаласында өткен Түркі тілдес елдер парламенттерінің халықаралық істер бойынша комитеттері төрағаларының бірінші кездесуіне қатысты.

    Шараға Түркі тілдес елдерден Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркия және Қырғызстан парламенттерінің мүшелері, Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясының өкілдері қатысты.

    Кездесуде Түркі тілдес елдер қарым-қатынастардың жоғары қарқыны, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік рухындағы көпқырлы және өзара тиімді ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқаны атап өтілді.

    Өзбекстан делегациясының айтуынша, Түркі тілдес елдер басшылары арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастар екіжақты және көпжақты байланыстарды дамытуда берік негіз болып табылады.

    Әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық салалардағы ынтымақтастық байланыстарды одан әрі жақсарту, мемлекеттер арасында жоғары деңгейдегі біріккен жобалар мен келісімдерді парламенттік бақылау институтынан пайдалана отырып, жүзеге асыруды қамтамасыз етуге көмектесуге назар аударылды.

    Сондай-ақ шара қатысушылары халықаралық ұйымдар мен парламентаралық құрылымдар аясындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара қолдау көрсетуге мүдделі екендіктерін білдірді.

    Кездесу соңында Түркі тілдес елдер парламенттері халықаралық істер бойынша комитеттері төрағаларының кезектегі кездесуін Түркия Республикасында өткізуге келісілді.

    Сапар барысында Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің Төрайымы Сахиба Гафаровамен және Сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Азимовпен кездесулер өтті. Онда тараптар Өзбекстан мен Әзербайжан Түркі тілдес елдердің ұйымдарына белсенді түрде атсалысып жатқаны атап өтілді.

    Сұхбат барысында өзара мүдделі болған басқа да мәселелер де талқыланды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates