Олий Мажлис Сенатында жаңа комитет құрылды

    Ел назарында 25 Iyun 2021 1074

    Бүгін, 25 июньде Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының он алтыншы жалпы мәжілісі өз жұмысын бастады.

    Сенаторлар күн тәртібіндегі бірінші мәселе Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының мемлекеттік органдарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру туралы жөніндегі мәселені қарады.

    Айтылғанындай, Әрекеттер стратегиясында мемлекеттік билік пен басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың құқы мен еркіндігіне, сондай-ақ заңды мүддесіне қатысты ақпаратты ұсынудың заманалық формаларын енгізу мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың маңызды бағыты етіп белгіленді.

    Қысқа уақыт ішінде бұл ретте салмақты істер атқарылды және көптеген оңды нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Үкімет порталы шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың ақпаратты еркін және тегін пайдалану мүмкіндігін беретін Өзбекстан Республикасының Ашық мәліметтер порталының қызметі жолға қойылды. Бұдан тыс, “Менің пікірім”, “Ашық бюджет”, “Мемлекеттік сатып алулар”, “Жариялы құрылыс” порталдары сияқты ондаған электронды платформа іске түсірілді. Барша деңгейдегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың тұрақты жаңаланып тұратын ресми веб-сайты жаратылды.

    Мәжілісте Сенаторлар тарапынан еліміздегі өзгерістер мен жаңалану үдерістері, жүргізіліп жатқан кең көлемді реформалардың мән-мазмұнын халқымызға дұрыс әрі толық түсіндіру, ұлттық ақпарат мекенін бейтарап және негізді мәліметтермен толықтыру қажеттілігі ақпарат саясатын, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етудегі іс-әрекеттердің, жүйелі бақылаудың, әсіресе парламенттік бақылаудың маңызды орын иелейтіні тілге тиек етілді.

    Мәжілісте Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпараттық саясат және мемлекеттік органдарында ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері комитетін құру жөніндегі мәселе қаралды. Сонымен қатар аталған комитеттің міндеттеріне назар аударылды. Комитет мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету саласын үйлестіріп отырады және бұл ретте тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

    Мәжілісте сенатор Фарход Эсанович Боқиев аталған Комитет төрағасының орынбасары етіп сайланды.

    Аталған мәселе бойынша Олий Мажлис Сенатының тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының баспасөз қызметі