Мәжілісте Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 декабрьдегі «Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы арнайы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету іс-шаралары туралы» ПҚ-67-санды қаулысымен бекітілген бірқатар іс жүзіндік әрекеттер жоспарының («жол карталары») жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 16-18 декабрь күндері Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында салмақты екіжақты өзара тиімді болған келісімдерге қол жеткізілгені атап өтілді.
Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану арқылы әлеуметтік-экономикалық секторды цифрландыру, «жасыл энергетика» жүйесін дамыту және күшті әлеуметтік саясатты жүзеге асыру Өзбекстан Республикасының Корея Республикасымен ынтымақтастықтың жаңа ұзақ мерзімдік үстем бағыттары ретінде белгіленді.
Корея Республикасы Өзбекстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады және соңғы жылдары тауар айырбастау және біріккен кәсіпорындардың саны екі есеге жуық өсті.
Оңтүстік Кореяның Өзбекстанға салған инвестициясының көлемі 7 миллиард доллардан асты. 2021 жылы 320 миллион доллар, яғни 2020 жылмен салыстырғанда 20 пайызға көп қаржы игерілді. Осы қаражат есебінен химия, мұнай-химия, тоқымашылық өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Корея Республикасының Экспорт-Импорт (Эксим) банкімен және Экономикалық даму және ынтымақтастық қорымен (EDCF) көп жылғы жемісті ынтымақтастықтың нәтижесінде еліміздегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі 1 миллиард долларға жеткізілді.
Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы екіжақты және көпжақты парламентаралық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мемлекетаралық екіжақты қол қойылған келісімдер мен бітімдерді жүзеге асыру бойынша «жол карталарында» белгіленген міндеттердің орындалуына жүйелі парламенттік бақылау орнату мақсатында, Сенаттың 2022 жылдың 3 февраліндегі СҚ-473-IV-санды Қаулысымен Олий Мажлис Сенатының Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясымен ынтымақтастық бойынша комиссиясы құрылды.
Мәжілісте Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 декабрьдегі ПҚ-67-санды қаулысымен бекітілген 3 іс жүзіндік әрекеттер жоспарының («жол карталары») жүзеге асырылуының барысы, соның ішінде ағымдағы жылдың январь айында жоспарланған 23 тапсырманың орындалу барысы талқыланды.
Шара барысында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай «Өзара алмасу жылын» ұйымдастыру, Сенат қызметінде Оңтүстік Корея парламентінің тәжірибесіне негізделген «Электрондық парламент» механизмін енгізу бойынша өзекті міндеттер белгіленді.Мәжіліс соңында айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, Комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Ақпарат қызметі.