Алмалық кен-металлургия комбинатында таза рений металл алынды

    Өнеркәсіп 15 Sentabr 2021 2458

    Алмалық кен-металлургия комбинатының Сирек металдар мен қатты қорытпаларды өндіру бойынша ғылым өндіріс бірлестігінің ұжымы керемет жетістікке жетті. Кәсіпорында рений металл таза түрде алынды.

    Мәлімет үшін рений металл ұнтағы мыс балқыту зауытында сирек металдар өндіру цехында дайындалған перренат аммонийден алынады. Үдеріс сутегіні қалпына келтіру әдісімен жүзеге асырылады. Рений металын таза түрінде алу істері бойынша зертхана сынақтары 2016 жылдан басталған еді. Сынақ істері биыл аяқталады. Нәтиже күткенненн де жоғары болды. Сынақ үдерістері нәтижесінде 99,9 пайыз таза жағдайда рений металл алуға қол жеткізілді.

    Комбинат болашақта осы өнім өндірісі масштабында өндіру көзделген, деп хабарлады Алмалық кен-металлургия комбинатының ақпарат қызметі.

    Осы металл Менделеев мерзімді кестесінде 75 орынды иелеп, өзіне тән бағалы физикалық-химиялық қасиеттеріне қарағанда көптеген салада қолданылады.

    Сонымен қатар мұнайды қайта өңдеу өнеркәсібінде катализатор дайындауда негізгі компонент саналады. Авиажөндеу, электртехника салаларында детальдар үшін негізгі элемент ретінде пайдаланылады.

    Ядро өндірісінде де осы металдан термопаралар дайындауда пайдаланылуда. Бұл реакторда жоғары температураны ұстау мүмкіндігін береді.

    Сондай-ақ, медицинада түрлі ауыр науқастарды емдеуде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу істеріндегі арнайы қондырғыларды дайындауда қолданылады.

    Зергерлікте ренийден бағалы зат бұйымдарын безендіруде қаптама ретінде пайдаланылады.

    Әлем базарында 1 гр ренийдің орташа бағасы шамамен 9 доллар айналасында тұрады.