Шавкат Мирзияев Ташкент облысындағы тау-кен металлургиялық комбинатына барды

    Билік 22 Dekabr 2021 4771

    Президент Шавкат Мирзияев 22 желтоқсанда Ташкент облысындағы Алмалық қаласына барды.

    Алмалық қаласы соңғы жылдары экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да дамып келеді. Жаңа кәсіпорындар, білім беру мен медициналық мекемелер іске қосылуда. Бұл өзгерістердің «жүргізушісі» – Алмалық тау-кен металлургиялық комбинаты.

    Елдегі өнеркәсіп өнімінің 7 пайызы, экспорттың 15 пайызы зауыттың үлесіне тиесілі. Соңғы жылдары ғылым мен техникаға құйылған ауқымды инвестицияның нәтижесінде жаңа кен орындары ашылып, өндіріс көлемі артты.

    Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 наурыздағы жарлығына сәйкес зауыт «Ёшлик-1» кен орнын игеру бойынша құны 5 миллиард 122 миллион долларды құрайтын мегажобаны жүзеге асыруда.

    Мемлекет басшысы Алмалық қаласына жасаған сапары барысында ең алдымен кен орнындағы жұмыстарды аралап көрді.

    Кен өндіру аумағы 11 мың гектарды құрайды. Оның қоры салмақты болып, өндіріс қуаты жылына 65 миллион тоннаға жетеді. Бұл кен орнында алтын, мыс, күміс, молибден, селен сияқты асыл және сирек металдардың 13 түрі бар. Оларды өңдеу үшін Алмалық тау-кен металлургия комбинатында 3-ші мыс байыту фабрикасы салынуда.

    2017 жылы мұнда жылына 3 миллион текше метр кен өндіру жұмыстары жүргізілетін еді. Құны 415 миллион доллар тұратын 570-тен астам заманауи техника әкелінгеннен кейін тиімділік он есе өсті. Қазір жұмыс көлемі жылына 40 миллион текше метрді құрайды.

    – Бұл кен катализатор. Оны тиімді игерумен қатар шағын кен орындарында да жаңа бағыт жасау қажет. Бұл да қосымша жұмыс орындары, үлкен экспорт деген сөз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Жобаға сондай-ақ әк зауыты, 650 мегаватт электр желісі және басқа да инфрақұрылым нысандары кіреді. Мұнда жалпы 6 мың адам жұмыспен қамтылған.

    Мемлекет басшысы зауыт, жалпы, келешекте әрбір өнеркәсіптік кәсіпорын өзін-өзі баламалы электр энергиясымен қамтамасыз ету керектігін айтты. Ғылыми зерттеулер мен мақсатты аспирантураны кеңейту, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің Алмалық филиалының әлеуетін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates