Қызметтердің ауқымы мен сапасы одан әрі кеңейе бермек

    Ел назарында 10 Avgust 2022 1088

    «Ашық әділет» бағдарламасы аясында Ферғана облысы әділет басқармасының 2022 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

    Баспасөз конференциясына барлық баспа және электронды БАҚ өкілдері, журналистер, блогерлер, сайт қызметкерлері, жергілікті мемлекеттік органдар мен облыстағы басқармалардың, ұйымдар мен мекемелердің ақпараттық қызмет басшылары қатысты.

    Ең алдымен конференцияда БАҚ өкілдерімен және әлеуметтік желі белсенділерімен бірге Ферғана ауданына пресс-тур ұйымдастырылды. Өйткені, бұл күндері АХАТ, мемлекеттік қызмет көрсету орталығы, әділет бөлімі мен заң орталықтары азаматтарға қолайлылық жарату мақсатында бір ғимаратқа орналастырылуда. Қоғам өкілдеріне Ферғана аудандық «әділет үйінде» азаматтарға жасалған мүмкіндіктер мен жағдайлар туралы түсініктер берілді.

    Толық қайта жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген облыстық әділет басқармасының ғимаратында пресс-тур жалғасты. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары ғимаратта қызметкерлерге жасалған жағдаймен танысты.

    Шарада атап өтілгендей, Ферғана облыстық әділет басқармасы мен оның бөлімдеріне есеп беру кезінде жалпы 8 мыңнан астам өтініштер келіп түскен. Оның 5 мың 537-і, яғни 65 пайыздан астамы қанағаттандырылған.

    Әлеуметтік-экономикалық салада құқықты қолдану тәжірибесін үйренуде, адам құқықтарын қорғауда, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде, тағы басқа да салаларда бақылау шаралары мен мониторинг ұйымдастырылды. Нәтижесінде 32 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Заңбұзушылық фактілерін жою мақсатында 3 мың 289 ұсыныс түсіп, нәтижесінде барлығы 4 мың 840 құжаттың күші жойылды. 1 229 тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілді.

    Соның ішінде 11 лауазымды тұлға қызметінен босатылып, жеке және заңды тұлғалардың мүддесіне қатысты 975 талап-арыз түскен. Қуанарлық жайт, қабылданған заңды шаралардың нәтижесінде 19 миллиард 79 миллион сум көлеміндегі қаражат өз иелеріне қайтарылды.

    6 айдың қорытындысына арналған баспасөз конференциясында осы мәселелерге баса назар аударылып, «Әділет органдары жүйесіндегі әкімшілік реформалар, болашақ және нәтиже» тақырыбында жүйедегі жаңалықтар туралы жұртшылыққа толық ақпарат берілді.

    Баспасөз конференциясына Әділет министрінің ақпараттық саясат мәселелері бойынша кеңесшісі қатысты.

    Конференция барысында БАҚ өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар алды.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облысы Әділет басқармасының

    қоғаммен байланыс бойынша жетекші кеңесшісі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates