Кездесуде қонақтарға Омбудсман институтының негізгі қызметіндегі бағыттары, соның ішінде өтініштермен жұмыс істеу, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық, қозғалыс еркіндігі шектеулі жабық мекемелерге жүзеге асырылған мониторингтері, халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс қызметімен таныстырылды. Атап айтқанда, Омбудсман БҰҰ-ның тиісті Комитеттеріне халықаралық Конвенциялардың орындалуы туралы баламалы тақырыптарды енгізу және 2023 жылы аталмыш бағыттағы істер одан әрі күшейтілетіні айтылды.
Сондай-ақ, Ф.Эшматова Конституциялық реформаларға тоқталып, жобада Омбудсманға заң шығару бастамасы құқығын беру көзделгенін, бұл азаматтардың өтініштерін зерделеу барысында заң құжаттарында анықталған олқылықтардың орнын толтыруға қызмет ететінін атап өтті.
Өзара диалог барысында Өзбекстан мен БҰҰ және оның құрылымдары арасындағы адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу сындарлы диалог және достық рухта өтті.
Олий Мажлистің Адам құқықтары бойынша өкілінің (омбудсман) Ақпарат қызметі.