Омикрон: Жаңа жыл қарсаңында бірқатар елдерде қатаң карантиндік шаралар қолданылуда

    Қауіпсіздік 22 Dekabr 2021 1473

    Соңғы күндері коронавирустың «омикрон» штамының бірқатар елдерге кіріп барғаны анықталды. Олар арасында Тайланд пен Грузия да бар. Ал Ресейде бұл вирус түрімен ауырғандар саны 41-ге жетті.

    Ғалымдар жаңа штамм жұқтырғандарда ауру жеңіл өтетінін айтқанымен, өкінішке орай, өлім де бар. Атап айтқанда, Ұлыбританиядан кейін АҚШ пен Израильде жаңа мутациядан алғашқы өлім жағдайы тіркелді.

    Еуропада пандемияның жаңа толқыны басталысымен-ақ алаңдаушылық Америка Құрама Штаттарына қауіп төндірді. Мемлекет ресмилерінің айтуынша, бұл жерде «омикрон» доминант, яғни жетекші нұсқаға айналған.

    Қазір Құрама Штаттарында анықталған ауру жағдайлардың төрттен үш бөлігі осы мутацияға тура келуде. Үкімет жақын арада елдегі ауруханаларда бос орын қалмайды деп қауіптеніп отыр.

    ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюгенің айтуынша, омикрон Ұлыбританияда, Данияда, Португалияда және Ирландияда жетекші штамға айналғанын айтты. Алдағы апта ішінде ол Еуропаның басқа елдерінде де алғы шепті иелейді.

    Жаңа жыл және Рождество мерекелері жақындаған сайын мамандар үрейленіп отыр. Өйткені қазіргі қиын эпидемиологиялық жағдай мерекемен байланысты жалпы шаралар, қонаққа бару аурудың таралу қарқынын арттыруына себеп болады.

    Сондай-ақ, бірқатар мемлекеттерде карантин шектеулерді күшейтуге мәжбүр болуда. Мысалға, Германияда коронавирусқа қарсы екпе алғандар үйде екі адамнан, вакцина алған және ауырғандар болса он адамнан көп қонақ қабылдау мүмкін емес.

    Данияда мереке күндері театрлар мен кинотеатрлар сияқты қоғамдық орындардың есіктері құлыпталады. Жаңа Зеландия «омикрон» қаупіне байланысты шекараларын ашуды январьдан февраль айына дейін ұзартты. Швейцарияда адамдарға вакцина төлқұжаты барларға, мейрамханаларға, спорт залдарына және басқа да қоғамдық орындарға кіруге рұқсат етілген. Ирландияда осындай нысандарға кіру 20:00-ге дейін шектелген.

    Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының президенті Тедрос Гебрейесус адамдарды коронавирустың жаңа штамынан қорғану үшін алдағы мерекеге жоспарларын қайта қарауға және мерекелерді мүмкіндігінше кейінге қалдыруға шақырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates