Ана мен бала денсаулығын қорғауға жаңа орталық құрылады

    Президенттің «Ана мен бала денсаулығын сақтау, халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы (ПҚ-296-санды, 08.09.2023 ж.) қабылданды.

    Оған сәйкес, халықтың репродуктивті денсаулығын нығайту, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық мекемелерінің басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында 2023 жылдың 1 октябрден бастап:

    - Республикалық мамандандырылған акушерлік және гинекология ғылыми-тәжірибелік медициналық орталығы, Республикалық тұрғындардың репродуктивті денсаулық орталығы, Республикалық «Ана мен бала скринингі» орталығының негізінде Республикалық мамандандырылған ана мен бала денсаулығының ғылыми-практикалық медициналық орталығы;

    – аумақтық перинаталдық, халықтың репродуктивті денсаулығы мен «Ана мен бала скринингі» орталықтарының негізінде орталықтың 14 аймақтық филиалы құрылады.

    Қаулыға сәйкес, аналар денсаулығын қорғаудың жетілдірілген медициналық-профилактикалық және патронаждық жүйесі енгізіледі.

    Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріндегі «дәрігерлік бригадалар»:

    - өздеріне бекітілген аумақтар бойынша жүкті әйелдерді анықтайды, оларды есепке алуды және мерзімдік медициналық тексеруді ұйымдастырады;

    - аудандық (қаланың) көпсалалы орталық емханалардың «Әйелдер кеңесі» бөлімімен бірлесе отырып, жүкті әйелдердің жағдайын үнемі қадағалайды және қауіпті факторларды анықтаған кезде Орталықтың аумақтық филиалдарына жібереді;

    - босанғаннан кейінгі кезеңде ана мен баланың мерзімді патронажды жүргізеді және жоспарланмаған жүктіліктің алдын алу шаралары көріледі;

    - репродуктивті жастағы тұрғындар мен жүкті әйелдер арасында медициналық мәдениетті, аурудың алдын алуды және салауатты отбасын жоспарлауды насихаттау істері жүргізіледі.