Талапкерлер вакант  бағыттар бойынша өткен жылғы өту балдарымен @mandat_javobbot Telegram-боты арқылы танысулары мүмкін.
Өздеріңізге белгілі, Министрлер Кабинетінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы 32-санды қаулысымен «Кейбір санаттағы студенттердің мемлекеттік жоғары оқу орындарының  тұру шығындарын өтеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» құжат негізінде «Жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау үдерісін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды бекіту туралы»  578 –санды қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Соған сәйкес, қабылдау емтихандарына қатысып, ең төменгі балды жинағанымен студент атануға ұсынылмаған талапкерлерге бос қалған білім беру бағыттары бойынша байқауға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Бұл үдеріс төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
– емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін бір апта өткен соң, пәндер кешені мен оқу тілі сәйкес келетін бос бағыттарға бір апта ішінде тіркелу жүргізіледі;
– талапкерлер жинаған балдардың рейтингі қатаң сақтала отырып, бос орындарға базалық ақылы келісімшарт негізінде қабылданады;
– агенттік қалыптастырған тізімдер жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрықтарды рәсімдеуге негіз болады.
Мемлекеттік комиссияның хаттамасына сәйкес, өткен оқу жылында да бакалавриаттың бос қалған орындарына қосымша қабылдау өткізілген болатын.
Осыған орай, 2025 жылғы қабылдау кезінде емтихандарда 56,7 және одан жоғары балл жинағанымен студенттікке ұсынылмаған, сондай-ақ екінші кезеңде жоғары оқу орны мен білім беру бағытын таңдамаған талапкерлерге мемлекеттік жоғары оқу орындарындағы бос қалған бакалавриат бағыттары бойынша қосымша байқауға қатысу мүмкіндігі берілді.

Мұның үшін олар 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында my.uzbmb.uz платформасы арқылы онлайн тіркеуден өткен. Байқау барысында талапкерлер пәндер кешені сәйкес келетін бағыттарды таңдаған, жинаған балдарының рейтингі негізінде бос орындарға базалық ақылы келісімшарт бойынша студенттікке ұсынылған.
Конкурс қорытындысы бойынша тізімдер 8 қазанға дейін жоғары оқу орындарына қабылдауды рәсімдеу үшін жіберілген еді.
Талапкерлер бос орындар бойынша өткен жылғы өту балдарымен @mandat_javobbot Telegram-боты арқылы таныса алады.
Сондай-ақ бот арқылы тек бос орындарға қатысты мәліметтер ғана емес, төмендегі қызметтерден де пайдалану мүмкіндігі жасалған:
– 2025 жылғы вакант орындар бойынша өту балдары;
– жоғары оқу орындары бойынша өту балдары;
– жеңілдікке ие талапкерлер үшін өту балдары;
– жиналған балға сәйкес келетін мамандықтарды анықтау;
– SAT-2026 бойынша ақпарат;

– IQ-тест және басқа да пайдалы қызметтер.