9-10 январь күндері  Өзбекстанға Түркіменстан аумағынан жылы ауа массасы кіріп келеді деп күтілуде. Бұл күндері жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы төмендегідей көтеріледі: 9 январьда түнде 0-5 градус жылы, күндіз 12-15 градус жылы, 10 январьда ауа температурасы 5-8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 15-18 градус жылы, оңтүстік аумақтарында 20 градус жылы болады. Республикада түнде және таңертең тұман түседі.

11 январьда еліміздің аумағына Каспий теңізінен ылғалды және салқын ауа кіріп келеді деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады, солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылы, солтүстікте түнде 3-8 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы болады.

Астанамызда: бүгін таңертең аздап жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Батыс жел бағытын өзгертіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 9-11 градус жылы болады.

9-10 январь күндері жауын-шашын күтілмейді. Шығыс бағытындағы жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. 9 январьда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 9 январьда ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы болса, 10 январьда ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 16-18 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

11 январьда жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы болады, деп хабарлайды Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызметінінің агенттігі.