Республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында бүгін күндіз кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы 19-24 градус шамасында болады. Аптаның ортасында ауа райы өзгереді.
8 ноябрьде Өзбекстан аумағына ылғалды және суық ауа массасы кіре бастайды. 8 ноябрьде облыстың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады. 9 ноябрьде Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстары мен Ферғана аңғары облыстарында жаңбыр жалғасады.
Тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Биік тауларда жаңбыр қарға айналуы мүмкін.
10 ноябрьде республиканың барлық аймақтарында жауын-шашын болмайды.
8-10 ноябрьде республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшеюі мүмкін.
8-9 ноябрьде ауа температурасы біртіндеп 13-18 градусқа дейін төмендейді, 10 ноябрьде 15-20 градус жылы болады. 10 ноябрьде ауа температурасы түнде 3-6 градусқа дейін төмендейді.
Астанамызда: 6-7 ноябрь күндері ауа райы өзгереді, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 20-23 градус жылы болады.
8 ноябрьде күні түс ауа жаңбыр жауады. 9 ноябрь күні түнде және таңертең жаңбыр жауады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. 10 ноябрьде жауын-шашын күтілмейді.
8-9 ноябрьде ауа температурасы біртіндеп 14-16 градусқа дейін төмендейді, 10 ноябрьде 16-18 градус жылы болады. 10 ноябрьде ауа температурасы түнде 3-6 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.