Біліктілікті арттыру курстары келісімшарт негізінде Өсімдіктер карантині және қорғау агенттігінің Өсімдіктер карантині және қорғау ғылыми-зерттеу институтында белгіленген оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Олардың жалғасымдылығы 72 сағатты құрайды. Курстардың қорытындысы бойынша электронды түрде сертификат ресімделеді  және үш жыл мерзімге беріледі.

Қаулымен төмендегілер белгіленді:

біліктілікті арттыру курстары мен сертификат беру мақсаттары мен міндеттері;

курстарда оқуға құжат тапсыру тәртібі;

біліктілікті арттыру курстарында оқу үдерісінің сапасына қойылатын негізгі талаптар;

біліктілікті арттыру курстары тыңдаушыларының құқықтары мен міндеттері, оларды оқудан шығару негіздері;

оқу аяқталғаннан кейін біліктілік емтиханын өткізу және оның нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификат беру;

өсімдіктерді қорғау саласы бойынша сертификат берілген мамандардың мемлекеттік реестрін жүргізу ережелері.

 Құжат Заң құжаттарындағы деректер базасында жарияланды және 11.05 2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.