Азия чемпионатының ең мықты құрамасын қарсы алды

    Спорт 14 Noyabr 2022 3993

    30 октябрь мен 12 ноябрь күндері аралығында Иорданияның астанасы Оман қаласында бокстан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

    Оған қатысқан Өзбекстанның ерлер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Жалпы есепте, ерлер мен әйелдер құрама командалары 6 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Бүгін түнде осындай жоғары көрсеткішке қол жеткізген командамыз отанға оралды.

    Жеңіске жеткен боксшыларымызды Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жеңіске жеткен боксшыларымызды Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Ойбек Касимов, Комитет төрағасының орынбасары, Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Полатов, портты дамыту минстрінің кеңесшісі Аваз Каримов қарсы алды.

    Жауапты басшылар боксшыларымызды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жылы елордамызда өтетін әлем чемпионатында, сондай-ақ Ханчжоу-2022 Азия ойындарында да еліміздің намысын лайықты қорғауға тілек білдірді.