Остеоартроз ауруының белгілері қандай?

    Денсаулық 24 May 2022 34187

    Остеоатроздың алғашқы белгілері қандай? Аурудың даму кезеңінде қандай белгілері байқалады? Бұл кезде науқас неге назар аударуы қажет?

    Республикалық мамандандырылған травматология және ортопедия ғылыми-практикалық медициналық орталығының директоры Мурод Ирисметов осы туралы пікірлерімен, ұсыныстарымен бөлісті.

    – Остеоартроз әдетте баяу дамып, бір буынның зақымдануынан басталады, – дейді М.Ирисметов. – Бірақ уақыт өте келе буын ауруы көбейеді.

    Остеоартроздың алғашқы белгілерінің бірі - ауырсыну. Ол жүргенде, еңкейгенде, отырғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

    Мысалы үшін, науқас ұзақ уақыт отырғаннан кейін қозғалғысы келсе, ол тізе немесе жамбас, яғни жүк түсетін буындарда ауруды сезеді. Содан үш-төрт қадам жасағаннан кейін жағдайы жеңілдеп, әдеттегідей қозғала береді.

    Бірақ кешке бұл буындарда қайтадан ауырсыну пайда болады. Яғни, науқас күндізгі уақытта неғұрлым көп жүрсе, қозғалса, жаттығу жасаса немесе тік аяқта тұрса, ауру соғұрлым күшейетін болады.

    Отырғанда немесе иілуде сықырлау естіледі. Науқас сәлге шаршап қалады, қозғалысы шектеледі, буындардың пішіні өзгереді, кейбір жағдайларда аздап ісіну байқалады.

    Ауру біртіндеп дамиды. Бұл кезде кез келген қозғалыс адам төзгісіз күшті ауруды тудыруы мүмкін. Ол себепті бұл жүруді мүлдем қиындатады. Науқас бірте-бірте тұрып қадам тастап, жүре алмайды.

    Аурудың кокартроз түрінде жамбас буыны зақымдалады. Ауру жаңадан басталған кезде кешке науқастың шабында ауру пайда болады.

    Науқас аурудан мазасызданып, түнімен сан-жамбас буындарын бүгеді, әсіресе, зақымдалған жағымен жату қиын. Уақыт өте келе жамбас буынының қуысы тарылып, сан сүйегінің басында қосымша сүйектер өседі, нәтижесінде қозғалыс шектеледі.

    Буындардағы ауырсыну сүйектердің үйкелісінен ғана емес, сонымен қатар қан айналымының бұзылуынан және оттегінің жетіспеушілігінен туындаған гипоксиядан туындайды.

    Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates