Тағы 34 электр пойызы сатып алынады

    “Ўзбекистон темир йўллари” акционерлік қоғамы 34 заманалық электр пойызын сатып алуға халықаралық тендер жариялады.

    Мұндағы көзделген мақсат – еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамытып, жергілікті және шетелдік саяхатшыларға қосымша қолайлы жағдайлар жасау және теміржол көлігінде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру. Сондықтан бұл бүгінгі күннің талабы.

    Аталмыш тендер электр пойыздарға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті болған құрал-жабдықтарды жеткізіп беруді, сондай-ақ кадрларды даярлауды да көздеген.

    Қазіргі таңда “Ўзбекистон темир йўллари” акционерлік қоғамы жылжымалы құрамды жаңартумен, заманалық электропойызды сатып алу бойынша “Stadler”, “Skoda”, “Talgo”, “Hyundai”, “CAF”, “Siemens”, “Alstom”, “Hitachi”, “Pesa”, “CRRC-Dalian” сияқты әлемнің ең озық компанияларымен келіссөздер жүргізді.

    34 заманалық электр пойыздарын сатып алу нәтижесінде 8 – «Ташкент – Жызақ – Ташкент», «Ташкент – Келес – Ташкент», «Науаи – Бұхара – Науаи», «Самарқант – Жызақ – Самарқант», «Самарқант – Шахрисабз – Самарқант», «Самарқант – Қаршы – Самарқант», «Әндіжан – Ханабад – Әндіжан», «Нөкіс – Хиуа – Нөкіс» жаңа маршруттары ашылады.

    Жаңа бағыттар бойынша теміржол қозғалысының іске қосылуы нәтижесінде бір жылда 5 миллион 925 мың 500 жолаушыға қызмет көрсетіледі.

    Сондай-ақ қолданыстағы 10 бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайтын болады.

    Жаңа бағыттар бойынша пойыз қозғалысы жолға қойылуы мен қолданыстағы бағыттар бойынша қосымша қызмет көрсетуді ұйымдастыру арқылы бір жылда барлығы 22 миллион 473 мың 500 жолаушыға сапалы қызмет көрсетіледі.