6 жоғары жылдамдықты электр пойыз сатып алынады

    «Корея Эксимбанкінің қатысуымен «6 жоғары жылдамдықты электр пойыз сатып алу» жобасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» Президент Қаулысы (ПҚ-289-санды, 12.08.2024 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес:

    “Ўзбекистон темир йўллари” АҚ және оның құрамындағы “Темирйўлэкспресс” АҚ жобаның уақтылы және сапалы орындалуына және Корея Эксимбанкінің қарыздарының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына жауапты атқарушы органдар болып табылады;

    “Ўзмиллийбанк” АҚ Корея Эксимбанкі беретін қарыз бойынша есеп-қисаптарды реттейтін қаржы агенті саналады;

    Корей Эксимбанкі бөлген қарыздарды қайтару, оның ішінде үстемелер, пайыз және басқа да төлемдер бойынша шығындар “Ўзбекистон темир йўллари” АҚ құрамына кіретін “Темирйўлэкспресс” АҚ қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

    Экономика және қаржы министріне Үкімет атынан қарыздарды қайта қаржыландыру туралы келісімге қол қою өкілеті берілді.

    “Ўзмиллийбанк” АҚ-ға Корея Эксимбанкінің қарызы бойынша есеп-қисаптарды жүзеге асыру үшін Корея Республикасының өкілетті банкімен банкаралық келісімшарт жасау өкілеті берілді.