Құжатпен Аңшылық бақылаудың қоғамдық инспекторы туралы үлгі ереже бекітілді, оған сәйкес:
қоғамдық инспекторлардың қызметі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілген аңшылардың қоғамдық бірлестіктері құрамында ұйымдастырылуы мүмкін;
инспекторлардың саны аңшылар бірлестіктерінің санынан және олардың орналасқан жеріне қарай белгіленеді;
инспекторлар өз қызметін жұртшылық негізде жүзеге асырады, олармен еңбек келісімшарты жасалмайды және еңбек өтілі есептелмейді;
инспекторлар тапсырмаларды орындауға жұмыс орнынан бос уақытында ғана тартылуы мүмкін;
өтінішті 30 күн ішінде аңшылар қоғамдық бірлестігінің басқару органы тарапынан Экология министрлігі Орман шаруашылығы агенттігі және ішкі істер органдары өкілдерінің қатысуымен қарайды;
өтініш мақұлданған кезде тұлғаға 3 жыл мерзімге куәлік беріледі.
Қоғамдық инспектордың негізгі міндеттері:
табиғатты қорғауға жауапты мемлекеттік органдарды, сондай-ақ аңшылық бірлестіктерді, табиғаттан пайдалану саласындағы құқықбұзушылықтар туралы хабардар етуге;
саладағы құқықбқзушылықтың алдын алу және анықтауға қаратылған, табиғатты қорғауға жауапты инспекторлардың тарапынан өтізілген патрульдік рейдтерге қатысу;
Құқықты қорғаушы органдарды шекаралас аумақтардағы бейтаныс және күдікті тұлғалар туралы хабарлау.
Сондай-ақ, мыналарды анықтайтын қаруды қауіпсіз қолдану ережелеріне оқыту бойынша
қысқа мерзімді арнайы оқыту курстары туралы ереже бекітіледі:
курсқа қабылдау;
оқыту бағдарламасының көлемін белгілеу;
тиісті куәлікті беру;
курстарды бітірген тұлғалардың реестрін жүргізу тәртібі.
Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2023 жылдың 21 ноябрінде күшіне енген, деп хабарлайды «Норма».