Әзербайжанмен көпқырлы ынтымақтастық нығая түседі

    Үстіміздегі жылдың 24 декабрінен Өзбекстан үкіметі делегациясының Әзербайжанға сапары аясында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев пен Әзербайжан Республикасының экономика министрі Микайил Жаббаров. арасында келіссөздер өтті. Кездесуге екі елдің министрліктері мен кеңселердің басшылары да қатысты.

    Диалог барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды күн тәртібі қаралды.

    Өзара сауданың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтары талқыланды. 2021 жылы өзара сауда айырбастау көлемі 42 пайызға, ал үстіміздегі жылдың басынан 52 пайызға артты. Алдағы кезеңде тауар айналымының көлемі бірнеше есеге арттыру үшін мүмкіндіктер мен ресурстардың бар екені айтылды. Тараптардың сұранысқа ие өнім номенклатурасын қалыптастыру және ұсынысты ұлғайту, екі елге сауда және іскерлік миссиялар ұйымдастыру, ірі қалаларда ұлттық өнімдердің көрмелерін өткізу, жеміс-көкөніс өнімдерін, азық-түлік, тоқымашылық, былғары және аяқ киімдерді ұзақ мерзімді өзара жеткізіп беру бойынша ұзақ мерзімді сауда келісімшарттарын жасауға келісіп алды.

    Өнеркәсіп кооперациясы мен инвестициялық серіктестік саласындағы ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың үстем бағыттарының бірі ретінде қарастырылды. Өзбекстан-Әзербайжан Инвестициялық қорын құру бойынша біріккен жұмысты жеделдету, сондай-ақ жалпы құны 700 миллион доллардан асатын 5 ірі жобаның қаржылық-техникалық жақтарын әзірлеуге өзара қызығушылық білдірілді. Осы бағыттардағы іс-әрекеттерді үйлестіру бойынша Жұмысшы топ құруға келісілді.

    Жиынға қатысушылар біріккен кәсіпорындарды, сонымен қатар автомобиль шығару, зергерлік бұйымдар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруді одан әрі кеңейту іс-шараларына ерекше назар аударды.

    Күн тәртібінде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту іс-шараларын талқылау да орын алды. Екі елдің аумақтары арқылы жүктерді, сондай-ақ күнделікті қажетті тауарларды тасымалдау көлемін бірнеше есеге арттыруға жағдай жасау шараларын талқылау мақсатында Халықаралық автомобиль тасымалы бойынша Аралас комиссияның бірінші отырысын өткізудің ұйымдастырушылық жақтары келісілді. Осы орайда көлік инфрақұрылымын дамыту болашақтары да атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу нәтижесінде тараптар Әзербайжан-Өзбекстан Инвестициялық қорын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл қор, атап өтілгендей, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге және өндірістік кооперацияны дамытуға қызмет етеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates