Екі елдің туларымен безендірілген алаңда Әзербайжан Президентінің құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, мінберге шақырды. Өзбекстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұраны шырқалды.
Президенттер құрметті қарауылдың алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.
Бірге суретке түскеннен кейін Мемлекет басшыларының шағын құрамдағы келіссөздері басталды.