Әзірбайжан Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді

    Билік 20 Iyun 2022 5081

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев осы жылдың 21-22 маусымында Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді.

    Саммиттің күн тәртібінде Өзбекстан-Әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту қарастырылған.

    Екі ел басшылары екіжақты тауар айналымын арттыруға, кәсіпкерлер мен өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілетуге, көлік және транзит саласындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, белсенді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыруға ерекше көңіл бөлетін болады.

    Бұдан бөлек, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасады, көпжақты құрылымдар аясында белсенді диалог пен өзара қолдауды дамыту мәселелерін талқылайды.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика, ғылым және инновация, туризм және басқа да салалардағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

    Айта кету керек, сапар қарсаңында Ташкентте Өзбекстан мен Әзірбайжанның жетекші компаниялары мен кәсіпорындарының қатысуымен іскерлік шаралар өтуде.

    Соңғы жылдары екіжақты сауда көрсеткіштері мен бірлескен кәсіпорындардың саны айтарлықтай өсті. 2021 жылы тауар айналымы 42 пайызға, ал 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 49 пайызға өсті.

    Өткен жылы Әзірбайжанда отандық автокөліктерді құрастыратын өндіріс орны іске қосылды. Жібек, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, мұнай-газ, фармацевтика және тамақ өнеркәсібінде жаңа ынтымақтастық жобалары іске асырылып, өндіріс жолға қойылған.

    Елдер арасында екіжақты мәдени іс-шаралар, ғылыми конференциялар, шығармашылық кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates