«Куксарой» резиденциясында өткен келіссөздер барысында екі ел арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге ерекше назар аударылды. Екі елдің еркін экономикалық аймақтары мен технопарктер ол үшін қолайлы аймақ саналады.

Ташкенттегі технопаркте құны 365 миллион долларды құрайтын 17 жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні оның 13-і іске қосылған, оның ішінде электронды газ есептегіштерінің керек-жарақтары, тоңазытқыш, өндірістік кондиционерлер мен салқындату жүйелері, лифттер мен эскалаторлар, су сорғыш, есік-терезе жақтаулары жасалуда. Бұл тауарлар шетелдік брендтердің бақылауында шығарылғандықтан аймақ нарығынан орын алып отыр.

Биылғы жылы оқшаулағыш өнімдер, су жылыту жабдықтары, ас үй құрылғылары мен логистикалық орталық пайдалануға беріледі.

Әзірбайжан Президенті мен қонақтарға мұнда өндірілетін өнімнің артықшылықтары туралы айтылды.

Мемлекет басшылары сала басшыларына бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өнеркәсіптік кооперация мен сауда-саттықты кеңейту үшін бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.