Өзара тәжірибе алмасу – заман талабы

    Кеше елімізде Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңестер депутаттығына болып өткен сайлауларда бақылаушы ретінде қатысқан Мысыр Араб Республикасы Парламентінің сенаторы, «Аш-Шуруқ» газетінің бас редакторы Эмад Элдин Хасан Ахмад Мухаммад «Янги Узбекистон» және «Правда Востока» газеттерінің редакциясында болды.

    Әңгімелесу барысында екі елдің бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен қатар газеттердің бүгінгі қызметі туралы пікір алмасылды.

    – Бүгінгі қауіпті кезең, кейбір елдер арасындағы саяси қақтығыстар, экономикалық дағдарыс, сондай-ақ коронавирустан келген шығын әлеуметтік және рухани өмірімізге де әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының оқырмандарға қолайлы форматта жұмыс істеу әдісіне өту заман талабы болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, сіздердің редакцияңыздың қызметіне қатысты және біз өзара озық тәжірибені бір-бірімізбен бөлісу бізге пайдалы болмақ, — дейді Эмад Элдин Хасан Ахмад Мухаммад.

    Кездесуде елімізде Олий Мажлистің Заң шығару палатасына және жергілікті кеңестер депутаттығына сайлаулар жоғары деңгейде өткені, Өзбекстандағы шынайы ортаны өзара қарым-қатынастардың бұдан кейінгі кезеңдерінде де маңызы зор екені айтылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates