Алдын ала мәлімет бойынша, өрт Ресей автомобиль тасымалдаушыға тиесілі автотрейлердің салонынан шыққан, одан кейін өрт автотрейлерге өткен. Өрт салдарынан 8 көліктің 3-уі зардап шекті. Апаттан автотрейлердің жүргізушісі зардап шекпеген.
Оқиға Мәскеу облысы аумағында автомобильдерді тапсырыс берушіге көліктерді жеткізу кезінде болған. Тасымалданған көліктердің барлығы сақтандырылған және олар ресейлік тұтынушыға тиесілі. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептерін анықтау үшін қажетті өрт-техникалық сараптамасы жүргізілуде.