Оған осы саланың белгілі ғалымдары, зерттеушілері мен журналистері қатысты.
Жиынды жүргізген Өзбекстан Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы Холмурод Салимов соңғы жылдары президент Шавкат Мирзияевтың басшылығымен журналистика, баспасөз және сөз бостандығын дамыту бағытында жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын ерекше атап өтті. .Мемлекет басшысының 2022 жылғы 27 июньдегі «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және журналистика саласын дамыту жөніндегі іс-шаралары туралы» қаулысы бұл орайда маңызды фактор екенін атап өтті.
- Өзбек журналистикасы кеше ғана пайда болған жоқ және оның біз мақтан етуге тұрарлық бай тарихы бар, – деді Х. Салимов. – Тарихты зерттеу, әр дәуірдің үздік шығармашылары мен олардың туындылары туралы мәліметтерді келешек ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз. Рас, журналистикаға қатысты көптеген кітаптар жарық көрді, оқулықтар, оқу құралдары жасалды. Осыларды мойындай отырып, «Өзбек журналистикасының антологиясы» әлі жасалмағанын да мойындау керек. Жиында белгілі тәлімгер журналистер мен сала ғалымдары Н. Рахмонов, Х. Саидов, А. Нурматов, А. Каримов, Н. Тошполатова және басқалар «Өзбек журналистикасы антологиясы» кітабын баспаға дайындауға қатысты мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Топтар өзбек журналистикасының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі кезеңіне сай топ құрылып, жетекшілері анықталып, атқарылатын міндеттер айқындалды.
Атап өткендей, «Өзбек журналистикасының антологиясы» кітабы сала қызметкерлеріне, мамандарға, журналист кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындарына, жалпы студенттер қауымына арналған.
Өзбекстан Журналистер бірлестігінің
Ақпараттық қызметі