Тараптар екі елдің жоғары білім, кәсіптік білім, ғылым-білім және инновация салаларындағы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады. Атап айтқанда, Ташкент қаласында Өзбекстан-Франция университетін құру, ағымдағы жылдың сентябрь айынан бастап университеттің дайындық курстарын ашу, оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларын жасау және бекіту, профессор-оқытушыларды жұмылдыру сияқты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, кәсіптік оқу орындарының оқытушыларын Францияда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, студенттерге француз тілін оқыту бағдарламаларын одан әрі жетілдіру, француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жөнінде пікір алмасылды.
Үстіміздегі жылдың октябрь айында Ташкентте өтетін Өзбекстан-Франция ректорлардың форумына дайындық мәселелері де кездесуде күн тәртібінен орын алды, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.