Өзбекстан-Мысыр: парламентаралық ынтымақтастық жаңа басқышта дамиды

    2024 жылғы 30 майда Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева елімізге іссапармен келген Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Абдулвахаб Абдулразиқпен келіссөздер жүргізді.

    Кездесуде Өзбекстан-Мысыр ынтымақтастығының болашақ бағыттары, сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туризм және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    2023 жылдың қорытындысы бойынша елдердің өзара сауда айналымының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға өскені атап өтілді. Бұл бағыттағы мүмкіндіктер толық пайдаланылмай жатқаны, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, бар әлеуетті толық пайдалану арқылы көрсеткіштерді арттыру жөнінде ортақ пікір білдірілді.

    Тараптар жалпы дін, дәстүр мен әдет-ғұрыптардың ұқсастығына орай, ғылым, білім, өнер және діни ағарту салаларында өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

    Диалог барысында парламентаралық байланыстарға, атап айтқанда, екі ел Сенаттары арасындағы ынтымақтастықтың практикалық жақтарына назар аударылды. Парламенттердің жоғарғы палаталарының комитеттері мен департаменттері арасында тұрақты диалог пен тәжірибе алмасу жүйесін жолға қоюдың маңыздылығы айтылды.

    Сонымен қатар, екі ел басшыларының жоғары деңгейде қол жеткізген келісімдерінің орындалуына жүйелі парламенттік бақылау орнатуға келісілді.

    Мысыр мен Өзбекстан Сенаттарында достық топтарын құру, халық өкілдік институттың маңызды буыны болып табылатын аумақ өкілдік органдары арасындағы өзара тәжірибе алмасуды жолға қою бастамасы алға қойылды.

    Келіссөздерден кейін ынтымақтастық құқықтық тұрғыдан нығайтуға бағытталған Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Сенаты мен Мысыр Араб Республикасы Сенатының арасында Түсіністік меморандумына қол қойылды.

    Мысыр Араб Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Абдулвахоб Абдулрозиқ Олий Мажлис Сенатының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates