Өзбекстан мен Қазақстан Президенті телефон арқылы сөйлесті

    Билік 27 Avgust 2021 3243

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 27 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Әңгіме басында Мемлекет басшысы Қазақстан Президентіне Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғаның салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты. Осы жағдайға орай Өзбекстан Қазақстанға төтенше жағдайдың салдарын жоюда қажетті көмек көрсетуге дайын екені айтылды.

    Тараптар өзбек-қазақ қатынастарының өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты ынтымақтастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқаны қанағатпен атап өтті. Сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм саласындағы ынтымақтастық жобаларын, мәдени -гуманитарлық алмасу бағдарламаларын ілгерілету маңызды екені айтылды.

    Президенттер сонымен қатар аймақтық күн тәртібіндегі, бірінші кезекте Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуі жөнінде пікір алмасты. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates