Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының басшысы қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 қазан күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) парламент сайлауын бақылау миссиясының басшысы Дуглас Уэйкті қабылдады.

    Кездесуде Өзбекстанда өтетін парламент сайлауына дайындық және оны өткізу мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Өзбекстан мен ЕҚЫҰ және оның институттары арасында ашық әрі тиімді диалог орнағаны, әсіресе бюромен тығыз ынтымақтастық жолға қойылғаны атап өтілді.

    Алдағы парламент сайлауына дайындық аясында ДИАҚБ бақылаушыларының миссиясы белсенді жұмыс істеп жатқаны жоғары бағаланды. Бюро сарапшылары ұлттық сайлау жүйесін жетілдіру үдерісіне қатысып, олардың ұсыныстары мен пікірлері ескеріліп, ел заңнамасына енгізілген.

    ДИАҚБ өкілі миссияның қызметіне көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Жаңа Өзбекстанда жүргізіліп жатқан демократиялық өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдайтынын атап өтті.

    Биылғы сайлау алғаш рет жаңартылған Өзбекстан Республикасы Конституциясының парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуді көздейтін ережелеріне сәйкес аралас сайлау жүйесі бойынша өтетіні ерекше атап өтілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates