Сұхбат басында жоғары мәртебелі қонақ Мемлекет басшысына Финляндия Президенті Александр Стуббтің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесуде Өзбекстан мен ЕҚЫҰ арасындағы практикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ Өзбекстан–Финляндия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Ұлттық сайлау жүйесін жаңғырту, бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қамтамасыз ету, гендерлік және жастар саясаты, «жасыл» күн тәртібі бағыттарында ЕҚЫҰ-мен сындарлы әріптестік дамып келе жатқаны атап өтілді. Сонымен бірге климаттық қауіпсіздік пен тұрақты даму мәселелеріне баса назар аудару қажеттігі айтылды.

Өзбекстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы күн тәртібі жан-жақты қаралды.

Кездесу соңында өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылып, алдағы іс-шаралардың жоспары талқыланды.