Президентті әуежайда Венгрияның экономикалық даму министрі Мартон Надь және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Ференц Лист атындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік туы көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, 20 мамыр күні жоғары деңгейдегі Өзбекстан–Венгрия келіссөздері өтеді.
Мемлекет басшысы Венгрияның ресми тұлғалары және жетекші компанияларының басшыларымен де кездесулер өткізеді.
21 мамыр күні Өзбекстан Президенті Венгрия астанасында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады.