Өзбекстан халқының саны 36,8 миллион адамға жетті

    Нақты 9 Yanvar 2024 3015

    Өзбекстанда тұрақты тұрғындар саны күн сайын орта есеппен 2,1 мың адамға артып келеді.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Статистика агенттігі хабарлады. 2024 жылғы 1 январь жағдай бойынша республикамыздың тұрақты тұрғындарының саны 36 799 756 адамды құрады.

    Республикамыздың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға өсті.

    Еліміздегі халық саны 2023 жылдың басынан бері 774, 8 мың адамға өсті.

    Өзбекстан халқы 2023 жылдың әр айында орта есеппен 64, 6 мың адамға өсті.

    2023 жылдың күн сайынғы тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 2,1 мың адамға артып отыр.