Өзбекстан Премьер-министрі Қазақстан Премьер-министрін құттықтады

    Үстіміздегі жылғы 11 январь күні Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Алихан Смайылов телефон арқылы сөйлесті.

    Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

    Бастапқыда Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі А. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындалғанымен шынайы құттықтады.

    Сұхбат барысында жоғары деңгейдегі кездесулер барысында қол жеткізілген келісімдерді бірлесіп дәйекті жүзеге асыру, ашықтық, дәстүрлі достық пен тату көршілікке негізделген көпқырлы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуді жалғастыру айтылды.