Өзбекстан CAREC бағдарламасының 23- министрлер конференциясына қатысты

    Үстіміздегі жылдың 8 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Хуррам Тешабаев басшылығындағы делегация Қазақстаның елордасы Астана қаласында өткен Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының (CAREC) 23-министрлер конференциясына қатысты.

    Конференцияда «Климаттың өзгеруі бойынша CAREC іс-қимыл жоспары», « CAREC орта мерзімді болашақ қаласы – 2030», «Декарбонизация және аймақтық энергетикалық қауіпсіздікті ынталандыру», «Климаттың өзгеруіне байланысты проблемалардың инновациялық шешімдері және жасанды интеллекттің рөлі», «CAREC 2 дәлізін дамыту» және CAREC институтын белсенділігін арттыру жоспары» мәселелері талқыланды.

    АДБ вице-президентінің, CAREC бағдарламасына қатысушы елдер делегацияларының басшыларының, АДБ, Дүниежүзілік банк, ОИИБ, ЕТДБ департаменттері басшыларының және CAREC-ның дамуындағы басқа да халықаралық серіктестердің есебі тыңдалды.

    Ақпарат үшін: Өзбекстанда соңғы 20 жылда CAREC аясында жалпы құны 19 миллиард долларды құрайтын инвестициялық жобалары жүзеге асырылды. Алдағы бес жылда Өзбекстанда жалпы құны 12,6 миллиард долларды құрайтын 41 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

    Панельдік талқылаулар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан делегацияларының жетекшілері Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижелілігі бірінші кезекте, энергетика, инновациялар, цифрландыру, сондай-ақ климаттың өзгеруі салаларында аумақтық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң әсерін тигізетінін атап өтті.

    2025-2026 жылдарға арналған CAREC флагмандық жобаларының арасында энергетика, цифрландыру, кедергісіз электрондық коммерция, «жасыл экономика» климат және тұрақты даму бойынша CAREC қорының тұжырымдамасын әзірлеу, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан арқылы байланыстарды нығайту – жобалары алға тартылды.

    Конференция аясында «АДБ мен Қытай Халық Республикасының Қаржы министрлігі арасындағы Климат және тұрақты даму жобаларын дайындау қоры туралы келісім», «АДБ мен Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы Климат және тұрақты даму жобасын даярлау қоры туралы келісім», «АДБ және Әзірбайжан үкіметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі және Өзбекстан Республикасы үкіметі арасында Каспи теңізі жасыл энергия дәлізі жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум» және “Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен АДБ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумына” қол қойылды.

    Соңғы құжатқа сәйкес, АДБ Өзбекстан Республикасының ДСҰ-ға кіруін қолдау мақсатында грант ретінде 225 мың доллар көлемінде техникалық көмек көрсетуде.

    Сонымен қатар, АДБ несиелік келісімге мерзімінен бұрын қол қою мақсатында көлік дәліздерінің тұрақтылығын арттыру және жаңғырту жобасын қайта қарауды жеделдетуге, сондай-ақ темір жолдарды жаңғырту және электрлендіру жобаларында Өзбекстанды қолдап-қуаттауды жалғастыруға дайын екенін білдірді.

    Конференция қорытындысы бойынша Министрлердің Бірлескен мәлімдемесі қабылданып, 2025 жылға арналған ОААЭЫ бағдарламасы бойынша Қырғызстан Республикасын төрағалық ететін тарап ретінде сайлау туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates