Сапар барысында Үндістанның Сыртқы істер мемлекеттік министрі және Мәдениет істері мемлекеттік министрі Минакаши Лекхимен кездесу өтті.

Сұхбаттан алдын Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңыздылығы туралы толық мағлұмат берілді. Өз кезегінде, Минакаши Лекхи аталмыш реформалардың үдерісіне оң бағасын беріп, олардың ел дамуындағы маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Өзбекстан мен Үндістан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Аталмыш бағыттар бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалуы айрықша қаралды.

Кездесу барысында Өзбекстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған Мәдени алмасу бағдарламасы пукттерінің нәтижелі атқарылуы екі елдің практикалық ынтымақтастығы үшін үлкен маңызы бар екені атап өтілді.

***

Сонымен қатар, Ф.Сидиқов Үндістан Сайлау комиссиясының төрағасы Ражив Кумармен де кездесті.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың май айынан бастап Үндістанның Сайлау комиссиясы  Азиялық сайлау органдары қауымдастығының (AAЯ) 2022-2024 жылдар үшін төрағасы саналады.

Ражив Кумар Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар үдерісіне оң баға берді және осыған байланысты елдің ұлттық сайлау заңдылығы мен практикасын жетілдіру, оны жалпыға бірдей мойындалған халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі істер, атап айтқанда, Сайлау кодексінің қабылданғанын тілге тиек етті.

***

Сол күні еліміздің Дехли қаласындағы Елшілігінде конституциялық реформаларға арналған “Конституциялық реформалар – Жаңа Өзбекстанды құру жолындағы маңызды қадам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.