Өзбекстан елшісі Эстония Президентіне сенім грамотасын тапсырды

    Өзбекстанның Эстонияға жаңадан тағайындалған елшісі Тимур Рахмонов 16 апрель күні осы елдің Президенті Алар Кариске сенім грамоталарын тапсырды.

    “Дунё” АА-нің хабарлауынша, ресми шарадан кейін болған әңгіме барысында Эстония Президенті Өзбекстанмен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалап, осы салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.

    Эстония басшысы Өзбекстанның аймақтағы жетекші елге айналғанын да баса айтты. Атап айтқанда, ол Өзбекстан басшысының аймақ елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сонымен қатар ұзақ жылдар бойы шиеленіс тудырған шекара мәселелерін оңды шешуге қосқан зор үлесін атап өтті.

    Президент Алар Карис мемлекет басшысының басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды эстон тарапы толық қолдайтынын растады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates