Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында хабарлады.
« Данияның Өзбекстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Эспер Вар мырзадан сенім грамоталарының көшірмелерін алдық», - деп жазды ол.
Сыртқы істер министрінің айтуынша, мазмұнды әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық байланыстарды дамыту және басқа да салалардағы мүмкіндіктер талқыланды.
"Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі серіктестіктің барлық әлеуетін жүзеге асыру үшін белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Біз Елшіні осы лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз және оның дипломатиялық миссиясында сәттілік тілейміз", - деді Саидов.








