«Өзбекстан Республикасының халықаралық келісімдері туралы» Заңның 22-бабына сәйкес, 2022 жылдың 16 сентябрінде Самарқант қаласында қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Иран Ислам Республикасының міндеттемелері туралы меморандум бекітілді.
Сыртқы істер министрлігіне Өзбекстан республикасы тарапынан аталмыш халықаралық келісімнің күшіне енуі үшін қажетті болған мемлекеттің ішкі тәртіп-қағидалары орындалғаны туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығына тиісті хабарлама жіберу тапсырылды.
Министрлер Кабинеті мен тиісті министрліктер мен кеңселердің басшыларына осы келісімнің ережелерінің орындалуы үстінен бақылауды қамтамасыз етуді жүктеледі, деп хабарлайды «Norma».
Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 7 мартынан күшіне енді.