Екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
Осы сапардың тарихи маңызы, сондай-ақ Өзбекстан мен Франция арасында стратегиялық әріптестік қатынастары орнатылғаны ерекше атап өтілді.
Франция парламентінің төменгі палатасының басшысы Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістерді, өкілді органдардың рөлін күшейту жөніндегі шараларды, сондай-ақ әйелдер, балалар, жастар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау және экологиялық қауіпсіздік кепілдіктерін арттыруға бағытталған реформаларды жоғары бағалады.
Кездесу барысында Өзбекстан-Франция парламентаралық форумын ұйымдастыру және «жол картасы» аясында достық топтарының жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды.
Өзбекстан басшысы Ұлттық жиналыс Төрайымын биыл сәуірде Ташкент қаласында өтетін Парламентаралық одақтың 150 жылдық мерейтойлық ассамблеясына қатысу үшін елге шақырды.
Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.