Өзбекстан азаматтары Малайзияда да жұмыс істеуі мүмкін

    Өзбекстанның Куала-Лумпурдағы елшілігінде «Language Talent Solutions» рекрутинг компаниясының директоры Жиндер Каур Сидхумен кездесу өтті.

    Келіссөздер барысында Өзбекстан азаматтарын Малайзияға жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

    Жиндер Сидху шетелде уақытша жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау және қолдап-қуаттау бойынша іс-әрекеттерді жоғары бағалап, аталмыш компания Вьетнам, Оңтүстік Корея, Индонезия, Таиланд және Үндістан сияқты мемлекеттерден келген 500 жуық азаматты жергілікті кәсіпорындарда еңбек етуге жұмылдырылғанын айтты.

    Кездесуде Малайзияда жұмыс істегісі келетін өзбекстандықтарды жұмыспен қамту, оларға жұмыс істеуге рұқсатты уақытында беру, тиісті жағдай жасау мақсатында біріккен жобаларды жүзеге асыру келісілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Ақпарат үшін айта кетейік, 2018 жылы құрылған «Language Talent Solutions» жеке компаниясы шетелдік еңбек мигранттарына осы мемлекетте қызмет көрсету, сауда, қаржы, ақпарат технологиялары мен тәржіман салалары және CALL-орталықтарына жұмысқа орналастырумен шұғылданады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates