Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болады

    Билік 14 Aprel 2023 8662

    Президент Шавкат Мирзиёев Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерістері мен перспективалары туралы таныстырылымға қатысты.

    Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық көпжақты сауда жүйесін үйлестіретін ықпалды халықаралық ұйым екені белгілі. Әлемдік сауданың 95 пайызы оған мүше 164 елдің үлесіне тура келеді.

    Ұйымның негізгі міндеті – еркін және ашық сауда қатынастарын реттеп, кеңейту арқылы мүше елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және адамдардың өмірін жақсарту. Бұл Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың мақсатына толық сәйкес келеді.

    Өзбекстанның экспортының тең жартысы бұрын мақта талшығы болатын. Оның экспортынан толық бас тартқаннан кейін дайын тігін бұйымдарының экспорты 4 есеге өсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тоқыма өнімдерінің экспорты 3 миллиард 300 мың долларды құрады. Өзбекстанның 2021 жылы GSP+ жүйесіне қосылуы нәтижесінде Еуропа нарығына дайын өнім экспорты 1,5 есеге өсті.

    Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу сыртқы саудада дайын өнім экспортын арттыруға кең мүмкіндіктер ашады. Сондықтан Өзбекстан бұл халықаралық құрылымға қосылу процесін 2019 жылы жаңадан бастады. Өткен кезеңде бұл мақсатқа қадамдар жасалды.

    Кездесуде Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу қажеттілігін айтып, оның экономикалық маңыздылығына тоқталды.

    – Біз алдағы үш жылда дайын өнім экспортын екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұған қол жеткізудің бір жолы – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу. Бұл 164 елмен әділ сауда жүйесін құруға және тұрақты нарықтар құруға мүмкіндік береді, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Бұл үдерісті жеделдету туралы Президент былтырғы Жолдауында айтқан болатын. Осы мақсатта Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 50-ден астам елмен екіжақты келіссөздер жүргізілді. Осы жылдың наурыз айында Дүниежүзілік сауда ұйымында жұмыс тобының алтыншы отырысы өтті.

    Мемлекет басшысы қатысқан презентацияда мүше мемлекеттер көтерген мәселелер талқыланды.

    Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдері негізінде оған ұлттық заңнаманы үйлестіру, рәсімдер мен стандарттарды халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша тапсырмалар берілді. Ол үшін шетелдік консультанттарды тартып, жұмыс топтарын жасақтап, барлық министрліктер, елшіліктермен жүйелі жұмыс жүргізу қажет екені баса айтылды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates