Өзбекстан Оңтүстік Кореядан жаңа жүрдек пойыздар сатып алады

    Қамшық және Дарбанд асуларында қозғалататын пойыздар үшін таулы аймақтарда жылдам жүретін пойыздарды Оңтүстік Кореядан сатып алу жоспарлануда.

    Бұл туралы транспорт министрі Илхом Махкамов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысына жасалған тұсаукесерде, ең негізгі міндет — «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамын трансформациялауды аяқтау, өндіріс пен қызмет көрсетудің құнын азайту болып табылады.

    Өзбекстан Республикасында халыққа қолайлылық жасау үшін, яғни Ташкент қаласының агломерациясын Ташкент астанасымен байланыстыру, облыс орталықтарын шалғайдағы немесе тығыз орналасқан облыс орталықтарымен байланыстыратын қосымша электропойыздар қозғалатын темір жолдарды құру жобалары жалпы — 23 бағыт салынады.

    Бұл, әрине, күнсайын елордаға және облыс орталықтарына қатынайтын тұрғындарға ыңғайлылық туғызып, олардың ұтқырлығы мен жылдамдығын арттырады. Дегенмен, 23 бағытты салумен қатар, әрине, біз қатынайтын пойыздар санын да көбейтеміз.

    Ағымдағы жылдың декабрь айынан бастап алты жоғары жылдамдықтағы пойыз Оңтүстік Кореяның Hyundai Ротем қозғалыс құрамы келе бастайды. Олар, әрине, Бұхара, Мискен, Үргеніш, Нөкіс қалалары жолдарына орналастырылады.

    Сонымен қатар, бағдарлама бойынша елорданы агломерациямен байланыстыратын елді мекендер арасында 23 электр пойызын сатып алу көзделген.

    “Аңғарды байланыстыратын Қамшық асуы арқылы өтетін теміржол желісі мен Сұрхандарияны Қашқадариямен байланыстыратын Дарбанд асуларында қозғалатын жаңа, заманауи, Оңтүстік Кореяда жасалған, таулы аумақтада жылдам қозғалатын құрамды сатып алу бағдарламасын қорғадық, құрметті Президентіміз өз ризашылығын білдірді.

    Сондай-ақ жүк тасымалдау жылдамдығын арттыру және сол транзиттік жүктерді жылдам өткізу үшін Қазақстанмен қиылысатын пункттеріндегі жұмысымыз, Ташкент қаласына аңғардан келетін жүктерді Ташкентке кіргізбей тікелей өте алатындай айналма жолдар салу. Басқаша айтқанда, өте үлкен инфрақұрылымдық бағдарлама қорғалды және құрметті Президентіміз тарапынан осы істерді жеделдету бойынша арнайы тапсырма алдық,” —дейді министр.

    «Өзбекстан темір жолдары» басшысы Зуфар Нарзуллаевтың айтуынша, келер жылы алты жылжымалы құрам, 2030 жылға қарай тағы сегіз жылжымалы құрам сатып алынады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates