Кездесу кезінде  Өзбекстан-Корея ынтымақтастығының бүгінгі күн тәртібі, қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуы, сондай-ақ болашақ іс-шараларға дайындық жағдайы талқыланды.

Эксимбанк, Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA), Экономикалық ынтымақтастық және даму қоры (EDCF), Экономикалық дамуға көмектесу қоры (EDPF) сияқты Корея қаржы институтының тікелей инвестициялары мен қаржы есебінен білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тағы басқа да салалар бойынша бірқатар жобалар нәтижелі жүзеге асырылғаны тілге тиек етілді.

Бүгінде Корея компанияларымен бірге Өзбекстанда құны 14 миллиард доллардан асатын 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Кореяның Өзбекстан экономикасына құйған тікелей инвестициясының көлемі 7 миллиард доллардан асты.

Соңғы бес жылда Өзбекстанда Корей капиталының қатысуындағы кәсіпорындар саны екі есеге артты(1 июнь жағдайына – 900).

Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда көлемін жандандыруға да назар аударылды. Соңғы бес жылда тауар айналымы екі есеге өсіп, 2021 жылы 1,8 миллиард долларға жетті. Биылғы жылдың бірінші тоқсаны қорытындысына орай, бұл көрсеткіш 51 пайызға (630,4 миллион доллар) өсті. Тараптар екі ел басшылығының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу және өзара сауда көлемін 2025 жылға дейін 5 миллиард долларға жеткізу бойынша іс-әрекеттерді жандандыруға келісті.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, Корея Экономика және Қаржы министрлігі, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық өкілеттіктері  арасында бүгінде жүзеге асырылған және болашақ жобаларды маниторингілеу, Кореяның Даму мақсаттарында ресми көмек бағдарламасы (ODA) арқылы өмірге енгізіліп жатқан жобаларды сәйкестендіруге қаратылған ынтымақтастықтың жаңа механизмдерін енгізу мүмкіндігін талқылады.

Кездесу соңында талқыланған мәселелерді ілгерілетуді жеделдету мақсатында белсенді диалогты жалғастыруға келісілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.