Үш күндік сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіліп, оның соңында Мемлекет басшылары Арнайы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету және жан-жақты кеңейту туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Екіжақты құжаттар топтамасы қабылданды.

Мемлекет басшылары Кореяның жетекші компаниялар мен банк-қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен өткен бірлескен бизнес-форумға қатысты.

Президенттер Ташкенттегі Технопаркте болып, өнеркәсіптік кооперацияның бар әлеуетімен танысты.

Бүгін Мемлекет басшылары арасындағы диалог Самарқандта жалғасты. Президенттер жұбайларымен бірге көне шаһардың тарихи-сәулет туындыларымен танысты.

Сапар аяқталғаннан кейін Президент Юн Сок Ёль мен оның жұбайын Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен әуежайдан шығарып салды.