Numbeo порталы жариялаған 2025 жылғы жартыжылдық халықаралық қылмыс деңгейі индексінде Өзбекстан екі сатыға көтеріліп, 25-орынды иеледі. Бұл көрсеткіш елді Орталық Азиядағы ең қауіпсіз мемлекет ретінде көрсетеді.
Рейтингте қылмыс деңгейінің төмендігі, қоғамдық орындарда өзін еркін сезіну мүмкіндігі және құқықты қорғау органдарына сенім деңгейі ескеріледі.
Көрші елдер арасында Қазақстан 73-орынды, Қырғызстан 101- орынды иелеген. Ауғанстан бұл тізімде 145-орында тұр. Түркіменстан мен Тәжікстан биылғы индекс көрсеткішке енбеген.
Numbeo мәліметінше, ең қауіпсіз елдер тізімінде Сингапур, Кувейт және Тайвань көш бастап тұр. Өзбекстан Еуропа мен Азияның көптеген дамыған елдерінен жоғары орындарға ие болды. Сарапшылар бұл нәтижені елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан цифрлық мониторинг, апрофилактикалық іс-шаралар мен құқықты қорғау жүйесінің реформасымен байланыстырады.








