Өзбекстан Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде 19-шы сатыға көтерілді

    «Тұрақты дамыу шешімдері тармағы» халықаралық ұйымы тарапынан жариялаған 2025 жылға арналған Тұрақты даму туралы есеп рейтингінде Өзбекстан өз көрсеткішін 19-шы сатыға жақсартып, 167 елдің арасында 62-орынға ие болды.

    Есеп беруде атап өтілгендей, Өзбекстан 2015 жылдан бері Орталық Азия және Шығыс Еуропа маймақтарында Тұрақты даму мақсаттары бойынша ең қарқынды дамуға қол жеткізген ел болып танылды.

    Онда елімізде Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында жүзеге асырылып жатқан реформалар жоғары бағаланды.

    Атап айтқанда, кембағалдықты азайту, білім беру мен денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гендерлік теңдікке қол жеткізу, әлеуметтік қорғау механизмдерін нығайту, цифрлық және жасыл экономиканы қарқынды дамыту, статистикалық деректердің ашықтығын арттыру салаларындағы жетістіктер ерекше атап өтілді.

    Халықаралық сарапшылар Өзбекстанның Тұрақты даму мақсаттары саласындағы жетістіктері Президент Шавкат Мирзияев тарапынан жүргізіп жатқан кең ауқымды институтционалдық және құрылымдық реформалардың нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates