Шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстанның нотариустары мен әділет министрліктері, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. Бұл туралы Беларусь нотариат палатасының мәліметіне сүйене отырып, БелТА хабарлайды.

Жиналыста тірек ұйымның жақын болашаққа арналған жұмыс жоспарын талқылап, ұйым жанынан қоғамдық кеңес құру мәселесін қарау жоспарлануда.

Беларусь Нотариат палатасына ТМД-ға мүше елдердің нотариат қызметі саласындағы негізгі ұйым мәртебесін беру туралы қаулы 2022 жылғы 13 майда ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің Душанбе қаласында (Тәжікстан) өткен жиналысында қабылданды.

Базалық ұйым құру туралы Беларусь Әділет министрлігі  бастама көтерді. Ал бұл ұсыныс ТМД мемлекеттері Әділет министрлері кеңесінің 2021 жылғы декабрьде айында өткен жиналыста қолдап-қуатталды.