Өзбекстан ұлттық балеті Мәскеудегі Үлкен театрда өз қойылымын ұсынады

    Ресейдің атақты «Аргументы и факты» газетінде « Мәскеуде алғаш рет Өзбекстанның ұлттық балеті «Лазги. Жүрек және махаббат биі» қойылымы көрсетіледі » атты тақырыпта мақала жарияланды.

    Мақалада 10 сентябрь күні Ресей Үлкен театрының тарихи сахнасында Өзбекстан Мәдениеті мен өнерін дамыту қорының қолдауымен Мәскеу қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған «Лазги. «Жүрек және махаббат биі» балеті қойылымы қойылатыны айтылған.

    Басылымның хабарлауынша, немістің атақты хореографы және балетмейстері Рауль Раймондо Ребек тарапынан сахналастырылған бұл спектакль ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енген көне халық биі «Лазгиге» арналған.

    «Халық даналығының символы болған, сан қырлы сырға толы “Хорезм ләзгісінің” 3 мың жылдан астам тарихы бар,— делінген. – Өзіне баурап алатын энергия, қызу қимылдар, күрделі би үлгісіне негізделген ерекше стиль – осының бәрі «Лазгиді» ғажайып мәдени оқиғаға айналдырады. Өзбекстан Ұлттық балетінің қойылымы алғаш рет 2021 жылы көрерменнің назарына ұсынылып, бірден үлкен сенсацияға айналып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасын алды”.

    Мақалада атақты неміс хореографы мен балетмейстері Раймондо Ребектің дәстүрлі ежелгі биді классикалық балет элементтерімен үйлестірген бұл тамаша қойылымы көрермендерге Шығыстың бар сән-салтанаты мен Ұлы Жібек жолының керемет сиқырын сыйлайтыны атап өтілген.

    Бұл спектакльдың қойылуы туралы жаңалықтар Ресей жұртшылығында үлкен қызығушылық оятты. Мәселен, жақында «Российская газетасы» да Ресейдің бас сахнасында өзбекстандық өнерпаздардың қойылымдары туралы ақпарат материалын өз оқырмандары арасында таратты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates