Мақалада 2025 жылдың күзінде Бұхарада алғаш рет заманауи өнерді көрсететін Бұхара биенналесінің өтетіні айтылған. 5 сентябрьден 20 ноябрь аралығында өтетін шарада әлемге әйгілі суретшілердің, оның ішінде британдық мүсінші Энтони Гормлидің және басқа да танымал шеберлердің туындылары қойылады.
Биеннале қаланың тарихи орталығында, сан ғасырлық керуен сарайлар, діни оқу орындары және ислам мәдениетінің басқа да сәулет өнерінің жауһарлары арасында өткізіледі, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, «The New York Times» газеті өз оқырмандарына өткен жылы ұша бастаған «Silk Avia» және «Air Samarkand» ұлттық әуе компанияларының арқасында Өзбекстан бойынша саяхаттау әлдеқайда жеңілдегенін атап өтті.